Ауғанстан мен Пәкістан президенттері бүгін Анкарада келіссөз өткізіп, лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасуға келісті. Ауған президенті Хамид Карзай Пәкістанды соғысушылардың Ауғанстанға кірулерін тоқтату үшін жеткілікті дәрежеде жұмыс атқармай отыр деп айыптады. Бірақ Пәкістан президенті Первез Мушарраф бұл айыптауларды жоққа шығарып, Пәкістан 70 мыңға жуық әскерін Ауғанстанмен шекаралас аймақтарына орналастырды деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы