ТЕЛЬ-АВИВ: Кеше Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт өткен жылғы “Ливан соғысын” тергеген тәуелсіз комиссияның өзін өткір сынға алғаны үшін үкімет басынан кетпейтінін мәлімдеді. Өзінің теледидардан берілген сөзінде Э.Ольмерт тәуелсіз комиссияның баяндамасында келтірілген міндеттерді іске асыру үшін қызметінде қалатынын мәлімдеп, “қателіктердің болғанын” мойындады. Аталған комиссияның баяндамасында Э.Ольмерттің соғыс қимылдарын нақты жоспары болмай бастағаны, қорғаныс министрі Әмір Перецтің соғыс жүргізетін тәжірибесі болмай, Бас штабтың бастығы Дан Халуцтың сасқалақтап, үкіметке жөнді мәлімет бере алмағаны айтылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы