Шарм әл-Шейхта Ирақтағы тұрақтылыққа арналған конференция барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттаки кездескен жоқ. Дегенмен де аталған екі елдің дипломаттары дәрежесінде келіссөздер жүргізілгендігі хабарланды. АҚШ ресмилерінің айтуынша, Иран сыртқы істер министрі Моттаки меймандар алдында өнер көрсетуге шақырылған Украина скрипкашысының көйлегі ислам талаптарына лайықсыз, ашық-шашық болғанына наразылық танытып, қонақасылық дастарханнан ертерек кетіп қалған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы