Иран сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік хатшысымен кездескісі келетінін және тұрақтылықты дамыту үшін Ирақпен ынтымақтастысуға ынталы екенін хабарлады. Манучехр Моттаки бұл туралы “Әл-Арабия” телеарнасына берген сұхбатында айтты. Бірақ келіссөздерге алдын-ала жақсылап дайындалу керек, деді Моттаки. Сонымен қатар, Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Иран мен Британия екі жақты қарым-қатынастарын жақсартқысы келеді деп мәлімдеді. Өткен айда Иран 15 ағылшын теңізшісін тұтқындаған соң екі ел арасындағы қатынастар шиеленісіп қалған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы