Тараз қаласындағы 186 жетім бала тәрбиеленіп жатқан «Ұлан» балалар үйі директоры 2005-2006 жылдары тәрбиленушілердің шотындағы 131 мың 700 теңгені әлеуметтік педагогтың көмегімен алып, өз мұқтаждығына жұмсаған деген күдікке ілінді. Бұл туралы сейсенбі күні «Азаттық» радиосына Жамбыл облыстық прокуратурасының қызметкері Оңғар Әбубәкіров хабарлады:
- Әке-шешесінен айырылған балалар мемлекеттен жәрдемақы алады. Ақша олардың депозит шоттарына ай сайын келіп түседі. Сол жиналған ақшаны әлеуметтік педагог директорға апарып берген. Ақшаны директор өзіне жаратып жіберген. Оны дәлелдейтін адамдар, ақшаны кабинетке апарып берген қыз, куәгерлер – бәрі бар.
Осы факті расталғаннан кейін балалар үйі директорының үстінен Қылмыстық кодекстің 176-шы бабы, яғни, қызмет бабын асыра пайдалана отырып, бөтен адамның дүние-мүлкін ұрлады деген айып негізінде қылмыстық іс қозғалған. Прокуратура балалар үйін қайтара тексерген кезде жетімдер үйінде қосымша заң бұзушылықтардың орын алғанын тағы анықтаған:
- 2004 жылы да сондай шығар деп тексерсек, солай болып шықты. 190 мың теңгедей тағы айналған. Оған қоса 7 жылдай жәрдемақылары тағайындалмай, оған қол жеткізе алмаған балалар бар. Оларға ай сайын 7-8 мың теңгедей есептеледі. Сонда 7 жылда қанша ақша болады, білесіз бе?! Енді осы істер бойынша жауап алайық десек, директор жоқ. «Емделуде» деп естиміз. Бірақ, еш жерде жоқ.
«Ұлан» балалар үйіне хабарласқан «Азаттық» тілшісіне өзін «мекеме қызметкерімін» деп таныстырған, аты-жөнін айтудан бас тартқан адам директорды қорғап сөйледі.
- Жоқ, оның бәрі жалған ақпарат! Ол кісі ешқашан ондай жасамайды. Ол тіпті қызметкерлер балалардың бір тілім нанын жеуге тыйым салады.
- Өзі қайда екен? Сөйлесуге бола ма?
- Ол кісі осында. Бірақ, қазір жиналыс өткізіп жатыр...
Мүгедек балалар қауымдастығының төрайымы Әсия Ахатова Қазақстанда балалар құқығы ең жиі бұзылатын, бақылаусыз орындардың бірі – жетімдер үйлері дейді.
- Балалардың құқығы балалар үйлерінде бұзылатындығы үрейлендіреді. Ата-аналары мемлекетке сеніп балаларын тапсырып кетеді. Ал ол жақта балалардың құқықтарына нұқсан келіп, оларға дөрекі қарап, қорлап, кемсітеді. Сондықтан, олардың жағдайын үнемі бақылап отыратын, шынайы тәуелсіз қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын арнайы комитет жұмыс істеуі керек, - дейді балалар құқығын қорғаушы Әсия Ахатова.
Дегенмен, Алматы қаласындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі Әлима республиканың барлық жетімдер үйінде балалар құқығы бұзылады дегенмен келіспейді. Ол осы жерге келіп, жұмыс істей бастаған кезде жетімдер үйлері туралы өз пікірінің өзгергеннін айтады:
- Мұнда балалар барлығын уақытысымен қабылдайды. Әкімшіліктен үнемі тексереді. Дәрігерлердің ұдайы қабылдауында болады. Бәрі жақсы! Ал мұнда істемей тұрып, басқаша ойлайтынмын...
Ресми түрде Қазақстанда қазір 93500 жетім бала бар. Соңғы үш жылда балалар құқығының бұзылуы бойынша 15 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал қанша мемлекеттік қызметкердің балалар құқығын бұзғандығы туралы мәлімет берілмеген.