Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Ақ үйде жаңа қызмет орынын ашты


АҚШ президенті Джордж Буш Ақ үйде жаңа қызмет орынын ашты. Ол қызметке келген адам Ирақ және Ауғанстан соғыстарындағы АҚШ саясатын реттестіріп отыратын болады. Сейсенбі күні Буш осы қызметті генерал Даглас Лютке ұсынды. Ол - қазір Біріккен басшылық штабындағы шаралар басшысы. Бұқаралық ақпарат бұлақтары оған қазірдің өзінде “соғыс патшасы” деген атақ тағып қойды.

Даглас Люттың кандидатурасын Сенат мақұлдаған жағдайда генерал мырза ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің көмекшісі деңгейінде болады. Алайда, президент Джордж Бушқа Ирақ және Ауғанстандағы АҚШ әскерилері мен елшіліктеріне не қажет екендігін ол тікелей баяндап отырмақшы. Лют мырзаға дейін бұл қызмет өзге де бірнеше әскери офицерлерге ұсынылған болатын. Алайда олардың барлығы да “Жоқ” деп жауап қайырды. Бұл қызмет не үшін ашылып отыр? Онсыз да АҚШ үкіметінде әскери және дипломатиялық қызметтер жетіп артылады. Және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бұл жұмысты жүйелеп отыр емес пе? - деген сауал төңірегінде саясат саласындағы талай тұлғалар ой толғауда. Мүмкін бұл жаңа қызмет Құрама Штаттар қазір екі майданды қатар жүргізіп отырғандықтан да керек болды ма екен? - деген сауал да бар.

Тіптен де олай емес, - дейді зейнет демалысындағы АҚШ армия полковнигі Кеннес Әлард. Ол Техас штатының Сан Антонио қаласындағы әскери сарапшы. Лютке жүктеліп отырған міндетті бұған дейін де талай адам атқарған және жақсы атқарған, деді Әлард «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.

“Бұл ұсынысты өзге адамдардың неге қабылдамағанының бір себебі бар деп ойлаймын. Олардың көпшілігі “мұның өзі кезекті бояма үдеріс емес пе?” деп ойлады. Біздің идеямыздың да шеті көріне бастаған сияқты” - деді Әлард мырза.

Ол өзінің Лютті жақсы білетіндігін және тіпті Лют сияқты өз ісінің жетік маманының да АҚШ-тың Ирақ пен Ауғанстандағы қызығушылықтарын айтарлықтай жақсарта алмайтындығын айтты.

Бұл оймен Джеймс Карафано келіседі. Ол - Уашингтондағы Мирас қорының зерттеушісі. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында ол аталған жаңа қызметтің маңызсыздығы сонша, ол тіпті орынсыз іс болып отыр, деді. Лютке ұсынылып отырған бұл жұмыстың тіпті боямалық та маңызын көріп тұрмағанын ол айтты. Ирақ пен Ауғанстанда Құрама Штаттар кезігіп отырған қиындықтар жүргізілген саясаттың салдары емес. Ол елдерде “табанды дұшпандардың” барлығынан қиындықтар туындауда, деді Карафано. Ол дұшпанды Уашингтондағы саяси үйлестіруші арқылы емес, әскер күшімен жеңуге болады, деді сарапшы.

Лют мырзаның жаңа қызметі жөнінде оң пікір білдірушілер де жоқ емес. Соның бірі- Уашингтондағы Брукингс институтының сарапшысы - Мишел ОХанлун. “Патша” деген теңеудің Лют қызметіне сәйкеспейтіндігімен ол да келісіп отыр. Дей тұрғанмен, Ирақ және Ауғанстандағы АҚШ әскерилері мен елшіліктеріне көмкетесуге Люттің мүмкіндігі мол, деді ОХанлун. Бюрократиялық жолдарды айналып өтіп, президентке тікелей шыға алатын, жоғары шендегі адамнан бұлайша көмек сұраудың жанама көптеген пайдалары бар. Сондықтан да бұл жақсы идея деп ойлаймын, деді ОХанлун.
XS
SM
MD
LG