Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев пен күйеу баласы Рахат Әлиевтің текетіресі саяси сипат алды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевті Австриядағы елші қызметінен алып тастады. Қайын атасымен саяси араздыққа келген Рахат Әлиев Австрияда орналасқан халықаралық ұйымдарда атқарған өкілеттіктерінен де айырылды. Рахат Әлиев кеше жасаған мәлімдемесінде “2012 жылы президент сайлауына түспек болғанмын, сол үшін Назарбаев үнімді өшірмек, маған қарсы қылмыстық іс ұйымдастыртты" деді. Сәрсенбі күні ішкі істер министрлігі Рахат Әлиевтің үстінен қылмыстық іс ашты. Рахат Әлиев қоластындағы "Нұрбанктің" екі басшысын ұрлатты, азапқа салды деген іс тергеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG