ВЕНА: Құрамында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыртта тыңшылық ететін “Барлау” қызметі мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар және Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары Даубаев бастаған топ Вена қаласына келіп жетті. Венаға, сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің резиденттері мен Еуропаның басқа елдеріндегі “Барлау” қызметінің агенттері келуге тиіс. Бұл топтың мақсаты – Р.Әлиевтің өзі мен оған қатысы бар құжаттарды Аустриядан Қазақстанға алып кету көрінеді. Ол туралы Р.Әлиевтің бақылауына қарайтын “Қазақстан тудэй” агенттігі хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы