Украина парламентін мерзімінен бұрын 30 қыркүйекте сайлау жөніндегі заң жобалары бүгін қарала бастайды. Украина парламенті екі күн ішінде заң жобаларын дауысқа салу мәселесін талқылайды. Украина президенті Виктор Ющенко және оның бақталасы, бас министр Виктор Янукович екі жақ текетіресін тоқтатуға келіскен, сайлауды 30-қыркүйекте өткізуге келіскен. Президент Ющенко сайлау мәселесін шешу үшін парламентті тарату жарлығын уақытша тоқтатты, парламентке бүгін және ертең екі күн жұмыс істеуге рұқсат етті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы