ТИРАНА: Иран немесе Солтүстік Корея сынды елдердің зымырандық соққысынан қорғану жолдарын бірлесіп қарастыруға деген Мәскеудің ұмтылысын Вашингтон құптайды. АҚШ президенті Дж.Буш Әзірбайжандағы радар жүйесін бірлесіп пайдалану туралы Ресей президенті В.Путиннің ұсынысын “өте тиімді” деп бағалады. 2 лидер осы ұсынысты В.Путиннің шілденің басындағы Вашингтонаға сапары барысында әрі қарай талқылайлды. Сонымен бірге Ресей президентінің ұсынысы Иран жағының ащы наразылығын туғызды. Иран парламентінің мәлімдемесінде айтылғандай, ресми Теһран өзін жетекші елдердің арасындағы жанжалды басатын құралға айналдыруға жол бермейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы