ВАШИНГИТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Пәкістан лидері П.Мушаррафтың таяудағы іс-әрекетін “Бүкіл Пәкістанды экстремизмнен тазартты” деп жақсы бағалады. Дж.Буштың айтуынша, өткен жылы пәкістан-ауған шекарасындағы тайпа көсемдеріне қарсы іс-қимылында өзінің сәтсіздікке ұшырағанын П.Мушарраф жақсы біледі. АҚШ президентінің пікірінше, П.Мушарраф сол қатесін “түзеуге” құлшына кірісті. Өткен аптада бітіспес исламшылдардың Исламбадтың “Қызыл мешітіндегі” бүлігін күштеп басуынан кейін, ислам экстремистерінің жанпидашылдарды қолданып іске асырған бірнеше шабуылынан 200-ден астам адам, негізінен армия жауынгерлері мен полицейлер құрбан болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы