ПАРИЖ: Велоспорттан “Астана” клубының лидері А.Винокуров - көп күндік “Тур де Франс” бәйгесінен шығып қалуы мүмкін. А.Винокуров велобәйгенің 2 кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Алайда, сенбі күнгі жеңісінен кейін оның қанынан алынған “А” анализі А.Винокуровтың “қан допингі” деп аталатын дәріні қабылдағанын растады. Оны бәйгеден шығару мәселесі “В” анализінің нәтижесі мәлім болғанда шешіледі. Бірақ “Астана” клубы әлгі тексерудің нәтижесін тоспай-ақ жылдың ең үлкен велобәйгесінен шығатынын жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы