КАБУЛ: Ауғанстанда тәліптер 6 аптадай тұтқында отырған Оңтүстік Кореяның 19 азаматының кейбірін босата бастады. Бүгін тәліптер 3 әйелді Қызыл Крест Комитетінің өкілдеріне тапсырды. Тәліптер барлық тұтқынды Оңтүстік Кореяның дипломаттарымен арада сейсенбі күнгі келіссөзінің жалғасында босатуға келісіп, оның есесіне Оңтүстік Корея әскерін жыл соңына дейін Ауғанстаннан толық шығаруды және Оңтүстік Кореяның христиан миссионерлері ауған жеріне қайтып аяқ баспасын деген талап қойды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы