Accessibility links

Пәкістан соты наразылық шеруін таратуға қатысы бар шенеунектерді қызметтен аластатты


ИСЛАМАБАД: Наразылық шеруін қуып тарату кезінде талай адамның жарақат алуына байланысты бүгін Пәкістанның Жоғарғы соты 3 шенеунекті қызметінен уақытша аластатты. Сенбі күні П.Мушаррафтың екінші рет президент болып сайлауына қарсы наразылық шеруіне шыққан адвокаттар мен оппозиция өкілдерін және журналистерді полиция резеңке таяқ пен көзден жас ағызатын газды қолданып қуып таратқан болатын. Емханаға 83 адам, оның ішінде 31 журналист пен кем дегенде 2 заңгер түсті. Соған байланысты Исламбад қалалық және аудандық полициясының бастықтары мен қала әкімінің орынбасары қызметтерінен аластатылды.
XS
SM
MD
LG