АЛМАТЫ: Қазақстанның оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 13-інші қазанда Алматы қаласында наразылық митингісін өткізеді. Ол туралы бүгін партия лидерлері хабарлады. Осыған дейін аталған партияның митинг өткізу үшін қала әкімшілігіне берген 3 өтініші де қанағаттандырылмаған. Оппозициялық партия елдегі азық-түлік пен қызмет түрлері бағаларының күрт қымбаттауына қарсы рұқсат берілмеген наразылық жиынын өткізбекші. Сонымен қатар биылғы кезектен тыс парламент сайлауының алдында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына қосылған «Нағыз Ақ жол» партиясы тағы да дербес партия ретінде іс атқаратын болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы