АНКАРА: “Wall Street Journal” газетінің Еуропада шығатын бүгінгі санында жарық көрген сұхбатында Түркия премьер-минисрі Р.Т.Эрдоган Арменияны саяси диалогқа шақырды, бірақ бітімге келу үшін келесі қадамды армян үкіметі жасауға тиіс деп мәлімдеді. Эрдоганның бұл үндеуінің қарсаңында АҚШ Конгресінде Осман империясының тұсында шамамен 1.5 млн. армянның қырылуын “геноцид” деп тану туралы Қарар қарала бастады. Армян қырғынын “геноцид” деп тануға түбегейлі қарсы ресми Анкара ол Қарар мақұлданатын болса, АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасына кесірін тигізеді деп ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы