Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ пен Ресей арасындағы Еуропада жоспарланған зымыраннан қорғаныс мәселесіне қатысты дауды 1962 жылғы Кубалық зымыран дағдарысымен салыстыруын АҚШ мемлекеттік департаменті жоққа шығарды. Бұл екі жағдай арасында “анық тарихи айырмашылықтар” бар, олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды, деп мәлімдеді баспасөз-хатшысы Шон МакКормак. Жұма күні Португалияда өткен Еуроодақ саммитінде Путин Ресейде “Кариб дағдарысы” деп аталып кеткен Кубалық зымыран дағдарысы, зымыраннан қорғанысқа қатысты АҚШ ұсынысына “техникалық” жағынан ұқсас деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы