Accessibility links

НАТО әскері тәліптерге тойтарыс беремін деп бейбіт тұрғындарды қырып алды


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысында НАТО-ның басқаруына қарайтын коалициялық күштер мен тәліптердің арасында шайқас болып, 15 содыр мен 3 бейбіт тұрғын оққа ұшты. Коалициялық күштердің басшылығы 1 ана мен 2 сәбидің қыршын болуына өкінішін білдірді. НАТО күштерінің мәлімдемесінде айтылғандай, жорыққа шыққан НАТО жауынгерлеріне тұтқиылдан шабуыл жасалды да, қарсы оқ жаудырылғанда, бейбіт тұрғындар паналаған үй қираған көрінеді.
XS
SM
MD
LG