Accessibility links

Ресей Еуропадағы кәдімгі күштер келісіміне қатысуын тоқтатты


Бүгін Ресей Еуропадағы кәдімгі күштер келісіміне қатысуын тоқтатып отыр. 1990 жылы жасалып, кейінірек 9 жылдан соң жаңартылған бұл келісім Еуропада танкілер мен тағы басқа ауыр қару-жарақтардың орналастырылуына шектеу қояды. Ресми Мәскеу НАТО мемлекеттері аталған келісімнің жаңартылған нұсқасын бекітпеді деп өз ашу-ызасын білдірген болатын. Ал НАТО елдері болса Грузия мен Молдовада Ресей әскерилерінің болуы бұл келісімге қайшы келеді деп оны мақұлдай алмай отырғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG