Украина президенті үкімет басшылығына Тимошенконы таңдайтындығын тағы қайталап, парламентті қайта дауыс беруге шақырды. Кешегі күні Парламенттегі дауыс беру барысында техникалық ақау болғандықтан, премьер-министрдің кандидатурасы мақұлданбай қалған болатын. Дегенмен де парламенттің бүгін премьер-министр кандидатурасын дауысқа салар-салмасы белгісіз. Ющенко мен Тимошенко 2004 жылғы қызғылт-сары төңкеріс барысында одақтас болған еді, бірақ кейіннен президент Ющенко Тимошенконы үкімет басшылығынан босатқан соң, олардың одақтастығына да сызат түскен.
Украина президенті Виктор Ющенко Юлия Тимошенконы премьер-министрлікке екінші мәрте ұсынды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы