Португалия астанасы Лисабондағы бұл кездесуде қол жеткізген құжат бойынша одақтың басқарушы ұйымдарына реформа жасалатын болады. Осыдан 2 жыл бұрын болған референдумда ұсынылған Конституция жобасын Франция және Голландия сайлаушылары қабылдамай тастаған еді. Бүгінгі қабылданған Реформалар келісімі сол Конституцияның орнына жүретін болады. Келісім шартына сәйкес одақтағы төрағалық мерзімі ұзартылып, сондай-ақ сыртқы істер басшысына көп билік берілмекші. Және ұлттық парламенттерге мол мүмкіндіктер, ал одақтан шыққысы келетін елдер үшін де жеңілдіктер жасалмақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы