ПАРИЖ: Бүгін Парижде 90-дай елдің қатысуымен Палестина халқына көмек беру тақырыбы бойынша халықаралық конференция ашылады. Америка Құрама Штаттары Палестина халқының күнделікті тұрмысын жетілдіру бағдарламасына 550 млн. доллардан астам қаржы бөлгенін мәлімдесе, бас-аяғы 6 млрд. долларға жуық қаражат жинау қажет. Бұл конференция - өткен айда АҚШ-тың Аннаполис қаласында қол жеткен келісімдерді жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам. Сол келісімнің ең маңызды нәтижесі – Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөз жалғасты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы