Accessibility links

Қырғызстан жоғарғы соты даулы сайлау талабының күшін жойды


Бүгін Қырғызстанның Жоғарғы Соты барлық саяси партиялар әрбір аймақта кемінде жарты процент дауыс жинауы тиіс деген сайлау талабының күшін жойды. Жексенбі күні Қырғызстанда парламенттік сайлаулар өткен болатын. Сайлаудың бастапқы қорытындысына қарағанда, 12 партияның ішінде президенттің “Ақ Жол” партиясы ғана осы межеден өтті деп есептелген тұғын. Енді Жоғарғы соттың шешімінен кейін Ата-Мекен партиясы мен Социал-демократиялық партиясы парламенттегі орынға қол жеткізуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG