Иран түрмесінде жатқан адам құқықтарын қорғаушы белсенді Емаддедин Бағидің денсаулығы нашарлап, ол Тегеран қаласының ауруханасына жатқызылды. Осы мәліметті жариялаған Тегеран түрмесінің ресми өкілі Емаддедин Бағидің немен ауырғанын және ауруханаға қашан жатқызылғанын нақты айтқан жоқ. Емаддедин Бағи қазан айының ортасында қамалған, ол Иран үкіметіне қарсы нәсихат жүргізді, құпия құжаттарды жариялады деп айыпталған. Емаддедин Бағи мұның алдында бірнеше рет түрмеде отырып шыққан, оның адам құқықтарын қорғау қызметі Батыс мемлекеттері тарапынан марапатталған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы