Беларус президенті Александр Лукашенко егер Вашингтон Беларус мемлекетіне қарсы санкцияларды күшейтсе, онда Минскідегі АҚШ елшісін елден шығарамыз деп ескертті. Мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде Лукашенко “бізге қарсы шектеулер енгізілісімен-ақ біз де өте қатты түрде жауап береміз” деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші болып АҚШ елшісі елден қуылатын болады. Өткен айда ресми Вашингтон Беларустің ең үлкен “Белнефтехим” мұнай компаниясы “қатал” Лукашенконың бақылауында болғаны үшін оған қарсы санкциялар енгізген болатын. Сонымен қатар, АҚШ ресмилері Беларусте адам хұқтары бұзылып жатқандықтан және ол елде саяси репрессиялар олғандықтан Беларустің жоғары лауазымды шенеуніктеріне виза шектеуін енгізген-тұғын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы