Accessibility links

Ирақтағы шабуылдардан кемінде 14 адам қаза тапты


Ирақ ресмилерінің мәлімдеуінше, Бағдадта орын алған екі жанкештілік шабуылдан кемінде 14 адам құрбан болған. Бұл жарылыстар сунниттердің мешіттері мен қасиетті жерлеріне қамқорлық жасайтын бір мекеменің жанында орын алған. Бұл шабуылдардан сондай-ақ 20-ға жуық адам жарақат алды деп хабарланып отыр. Құрбан болғандардың арасында АҚШ жақтауындағы сунниттер тобының басшысы полковник Риадх әл-Самарраи де бар. Сонымен қатар, Ирақ астанасында орын алған басқа да шабуылдардан кемінде 5 кісі опат болды.
XS
SM
MD
LG