ВАШИНГТОН: Америка мен Польшаның ресми өкілдері АҚШ-тың зымырандық соққыдан қорғану жүйесінің элементтерін поляк жеріне орналастыруға мүмкіндік беретін екі жақты келісімге келе аламыз деген үміттерін білдірді. Кеше Польшаның қорғаныс министрі Богдан Клих мәлімдегендей, Пентагон мен мемлекеттік департаментте болып өткен кездесулердің барысында АҚШ шенеунектері егер ресми Варшава зымырандық қорғану жүйесін орналастыруға келіскен жағдайда, Польшаның әуе соққысынан қорғану жүйесін жетілдіруге көмек беру мәселесін талдауға әзір екенін мәлімдеген. Б.Клих бұл сөзін журналистерге АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтспен кездесуінен кейін айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы