Британияның аймақтық екі кеңсесі Ресей билігі мен даулы мәселе күшейген тұста жабық қалып отыр. Британия мәдениетін шетелде танытатын консулдық сәрсенбі күні Санкт Петербордағы кеңсесін жапты. Ресейдің барлау агентіктері Британ консулдығы кеңсесіндегі ресейлік қызметкерлерді сұраққа алған соң олардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылық туған. Бүгін Екатеринбург қаласындағы консулдықтың екінші кеңсесі жабылды. Ресей Британия консулдығының кеңселері заңсыз әрекет етті десе, Британия Ресей билігін консулдық қызметкерлерінің ар-намысына тиді деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы