Иран президенті Махмұд Ақмединижад Біріккен Ұлттар Ұйымы тарабынан қойылайын деп жатқан жаңа шектеулерге қарамастан ядролық бағдарламаны одан ары жалғастыра береміз деп мәлімдеді. Иран президенті батыс мемлекеттері көтерген бастаманы "заңсыз қимыл" деп сипаттады. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия Иран уран байытуын тоқтатпай қойды деп сейсенбі күні тиісті қаулы жобасын мақұлдады. Дегенмен, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұнда қатаң шаралар қарастырылмаған дейді. Сергей Лавров жаңа санкциялар Иранмен арадағы сауданы мұқият жасауға, зиян келтіруі мүмкін заттардың тасымалына жол бермеуге шақырады дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы