Президенттік мерзімінің аяқталуына бір жылға жетер-жетпес уақыт қалған АҚШ президентінің бұл сөзінде саяси мәселелерден гөрі әлеуметтік, экономикалық жайттарға көбірек көңіл бөлінгендігі байқалды. Және ол соншалықты ұзақ болған жоқ. Дж. Буш қатерлі СПИД дертімен күреске жұмсалатын қаржыны екі есеге арттыруға шақырып, Ирақтағы АҚШ бастаған коалиция әскерлері жеңіске жетеді деп сенетіндігін айтты. Президент сондай-ақ заң шығарушыларды экономиканы ынталандыруға бағытталған шаралар жиынтығын мақұлдауға шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы