Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі баспасөз хатшысы Наталья Кимнің айтуынша, «Абай» шахтасындағы апат себептерін тексерген үкіметтік комиссия бұл қайғылы оқиғаға 100 процент жұмыс беруші, яғни «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы кінәлі деген шешім қабылдап отыр. Сонымен қатар үкіметтік комиссия апаттың шығуына жауапты деп таныған бірқатар шахта қызметкерлерінің есімдерін де жариялады.
Олар - шахтадағы №2 учаскенің бастығы Қайролла Арынов, шахтаның бас технологы Арал Қанзабаев, шахтаның бас инженері Николай Цветков және «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының бас директоры Сатиш Тапария. Ал осы компанияға қарасты көмір департаментінің қайсыбір лауазымды қызметкерлері де бұл апатқа жауапты болуы мүмкін, ол жайында шахтадағы апат салдарын жою жұмысы аяқталған соң анықталмақшы делінген үкіметтік комиссияның қортындысында.
Үкіметтік комиссияның бұл қортындысына байланысты «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір департаменті басшысының көмекшісі Алмас Рысқұлов:
«Бұл әзірге үкіметтік комиссияның қортындысы, ал прокуратура да өзінің тексерген қортындысын шығаруы керек, одан соң сот бұл істі алып қарап кімнің ақ, кімнің қара екендігін тайға таңба басқандай етуі тиіс, сондықтан әзірге біз өзімізді не кінәлі, не кінәсіз деп айта алмайтын жағдайда отырмыз», - деді.
«Шаңырақ» қоғамдық қозғалысының белсендісі Айнұр Құрманов үкіметтік комиссияның бұл қортындысы кеншілердің және кәсіподағы ұйымының пікірімен толық ұштасып отырғанымен бұл жерде шахталардағы еңбек қауіпсіздігі мәселесін жергілікті өкімет орындары неге алдын ала бақылап, дер кезінде соны қолға алмады деген сұрақ қояды.
«Өткен жылдары Шахтинск және Ленин атындағы шахталарда болған апаттардың себебін сол кезде тексерген үкіметтік комиссия ол апаттарға тағы сол компания кінәлі дегенді айтқан болатын. Оған құлақ асып, шахталардағы еңбек қауіпсіздігі мәселесін жақсартқан «Арселор Миттал» компаниясы қайда?! Жылда бұндай апаттар неге қайталана береді дегенге үкіметтік комиссия әлі де жауап іздегені дұрыс сияқты», - дейді А.Құрманов.