Германия қорғаныс министрі Франц Иозеф Джунг Ауғанстан оңтүстігіне әскер жолдамаймыз, бұл жайында ешқандай жоспарымыз жоқ деді. АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Германия үкіметін Ауғанстанға көбірек әскер жіберуге шақырған болатын. "Зюддойче цайтунг" неміс газеті Роберт Гейтс Германия қорғаныс министріне "әдеттен тыс қаттырақ хат" жазды дейді. Роберт Гейтс қосымша әскердің біраз бөлігін Ауғанстанның оңтүстігіне жолдауды сұрады. Германия қазір Ауғанстанда 3200 сарбаз ұстап отыр. Германия қорғаныс министрі олардың көпшілігі айтарлықтай тыныш солтүстікте қала береді дейді. НАТО-лық одақтастардың арасында Ауғанстандағы жасақтары жайында келіспеушілік ұлғайып бара жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы