Түркия әскерінің хабарлауынша, Күрд көтерлісшілерін іздеп Ирақтың солтүстігіне кірген түрік жасағы 20-дан аса күрд көтерілісшісін өлтірген. Түркиялық күштер әскери ұшақтарымен шабуылдарын бейсенбі күні бастады. Түркиялық телеарналар шамамен 10 мың әскер Ирақ шекарасына енгенін айтуда. Құрама Штаттар мен Еуропа Одағы Түркияны ұстамды болуғы шақыруда. Ирақтың Күрдістан автономиясының үкіметі Анкараны басқыншылық шабуылдарын тоқтатып, тез арада әскерін Ирақтан шығаруға шақырып отыр. Бүгін жергілікті үкімет өкілі Фаллах Мустафа Уашингтон, Анкара және Ирақтық Күрдтердің өкілдерін бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп, жағдайды реттеуге үндеген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы