МИНСК: Беларусь оппозициясының қамауда отырған лидері Александр Козулин түрме басшылығының әйелін жерлеу үшін уақытша босатудан бас тартқаны үшін аштық жариялады. Оның адвокаты И.Ринкевичтің хабарлауынша, жерлеу сейсенбіге белгіленген. Бірақ оның жақындары А.Козулинсіз жерлемеуге бел буып отыр. Соңғы президент сайлауына оппозициядан үміткер болып дауысқа түскен А.Козулин – А.Лукашенко бастаған ресми билікке қарсы наразылық шеруін ұйымдастырғаны үшін 2 жыл бұрын түрмеге жабылды. Оның зайыбы Ирина - өткен сенбі күні ұзаққа созылған ісік ауруынан қайтыс болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы