Сенбі күнгі басылымдардың дені Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза болғандарды ақтық сапарға шығарып салу туралы жазыпты. «Айқын» газеті Астанаға ұшып келген Ресей төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгумен кездесуден соң Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баспасөз мәслихатында тікұшақ апатының себебі техникалық ақаулардан боғаны туралы алғашқы жорамалын айтқаны туралы жазыпты. Газет «қону алаңына жақындап қалғанда тікұшақ кілт тоқтап, 50-60 метрлік биіктіктен құлдилаған» деп жазады.
«Экспресс К» газеті Владимир Божконың айтқандарына сілтемелеп,«бұл тікұшақ 1977 жылы жасалған, осы жылғы тамыз айында тікұшақтың ұшу әлеуетінің аяқталатын мерзімі еді. Апат тікұшақ қозауышының кенеттен тоқтап қалуынан болған. Оның себебі - жанар-жағар май кенеттен берілмей қалған болуы мүмкін. Апаттың толық себебін арнайы комиссия анықтап жатыр» деп жазыпты. Осы газет былтыр құлаған Протон зардаптары үшін Ресей Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев тұрғындарына 200 миллион теңге бөлгені туралы жазыпты.
«Казахстанская правда» газеті Алматы маңында Миг-29 ұшағының апаты себебін арнайы зерттеген комиссия «күтпеген көптеген жағдайлардың қатар келуінен техниканың істен шығуы, онда адам кінәсі жоқ» деген қортындыға келгені туралы жазыпты. Газет оңтүстіктегі су тасқыны зардаптарының салдарын жоюда кем-кетіктер болмай, адамдарға тиесілі жәрдемақыны беру алгоритмін жасау қажет деген Владимир Школьниктің тапсырмасы туралы жазыпты.
«Егемен Қазақстан» басылымы «Дарияның тасуына дайындық тастүйін» деп жазыпты. Бірқатар газеттер енді Алматы облысының Қаратал ауданында 70-тей үйді су басқаны туралы жазыпты.
«Айқын» басылымы «Батыс та судан қорқып отыр» деген мақаласында Орал облысы да көктемгі су тасқынына алаңдаушылық білдіріп отырғаны туралы жазыпты.
«Егемен Қазақстан» газеті «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топтың ел аралап, халықпен кездесіп, Президент жолдамасын әңгімелеп жүргені туралы жазыпты.
«Эксперсс К» газеті Еуразиялық топтың белсенді басшыларының бірі Алиджон Ибрагимов екі ел арасындағы экономикалық тиімді ынтымақтастығы үшін Ресейдің «Звезда Содружества», яғни «Достастық жұлдызы» атты орденімен марапатталғаны туралы жазыпты.
Бірқатар басылымдар Ресейде өтетін ертеңгі президенттік сайлауға байланысты Владимир Путин, Дмитрий Медведев туралы ой толғапты. Осы орайда «Айқын» газеті «Биліктің бейбіт жолмен ауысуының ресейлік нұсқасы ТМД елдерінде қайталануы мүмкін бе?» деп сұрапты. Оған жауап бергендердің дені «иә, қайталануы әбден мүмкін» депті. Осы газет Ресей саясаттанушысы Ирина Мельниктің «Қазақстандағы биліктің ішкі қарым-қатынасы Батыстың институтционаралық қарым-қатынас тұжырымдамасына мүлдем сәйкес келмейді. Демек, Қазақстандық мемлекетті басқару салтқа бағынады» деген тұжырымына «Жоқ, олай емес. Ол алдымен Ресейді түсініп алсын. Өйткені Ресейдің қазіргі саясаты Батысқа да, Шығысқа да түсініксіз. Ирина ханым үстіртін қортынды жасаған. Ол Қазақстандағы жағдайды түсіну үшін Қазақ елінде ұзақ уақыт тұруы керек еді. Өтпелі кезеңді әлемнің барлық дамыған деген мемлекеттері бастарынан өткерді» дегендей уәж айтыпты.
«Казахстанская» правда» газеті «Жоғарғы оқу орындарын жемқорлықтан тазартайық» деген мақаласында жастардың жалпыреспубликалық жемқорлықпен күресетін «Қарсы» атты ұйымы құрылғаны туралы жазыпты.
«Экспресс К» газеті «Бағдарламалық шабуыл» атты мақаласында «Қазақстандағы жемқорлық нарығы 156 миллиард теңгені құрайды» деп жазыпты.
Бірқатар басылымдар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанда тұңғыш рет жиырма томдық «Қазақ халқының философиялық мұрасы» жарық көргенін жазыпты.