ВАШИНГТОН: Американың “Forbes” апталық журналының жариялаған кезекті жылдық тізіміне сәйкес, әлемдегі “ең бай адамы” деген орынға Билл Гейтсті ығыстырып, тағы бір америкалық миллиардер Уоррен Баффет ие болды. Екінші орынға Латин Америкасының ең қалталы кәсіпкері Карлос Слим шықса, Б.Гейтс үшінші орынға түсіп қалды. Журналдың тізіміне бұл жолы Қазақстаннан 8 миллиардер ілініпті. Атап айтқанда, В.Ким, А.Машкевич, П.Шодиев, А.Ибраһимов, президент Н.Назарбаевтың ортаншы қызы мен екінші күйеу баласы - Динара мен Темір Құлыбаевтар және “ҚазКоммерцБанк”-тің иесі Н.Сұбханбердинмен бірге алғаш рет Қазақстан президентінің іс басқарушысы Б.Өтемұратов те ілінді. 1 жылдың ішінде Динара мен Темірдің байлығы - $4.2 млрд.-тан $5.4 млрд.-қа өскен болса, ешқашан кәсіпкерлікпен шұғылданып көрмеген Б.Өтемұратовтың байлығы 1 млрд. доллар деп көрсетіледі.
Динара мен Темір Құлыбаевтардың байлығы $4.2 млрд.-тан 5.4 млрд.-қа өссе, Б.Өтемұратовтың $1 млрд қаржысы бар
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы