Accessibility links

Путин Арменияның жаңа президентін Мәскеуге шақырды


Ресей президенті Владимир Путин даулы президент сайлауында жеңіске жеткен Армения премьер-министрі Серж Саркисянды Мәскеуге сапар жасауға шақырды. Наурыздың 1-і күні қазіргі Армения президенті Роберт Кочарян полиция мен наразылық танытушылар арасында орын алған қақтығыс салдарынан 8 адам қаза тапқан соң елде төтенше жағдай жариялаған болатын. Наразылық танытушылардың айтуынша, Кочарян қаңтардың 19-ы күнгі сайлаудың қорытындысын бұрмалаған. Ресми мәліметке сәйкес, президент сайлауында Саркисян 53 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен, ал оның негізгі бақталасы бұрынғы президент Левон Тер-Петросян 21.5 пайыз дауысқа қол жеткізген. Наурыздың 8-і күні Армения конституциялық соты сайлау нәтижесін мақұлдады.
XS
SM
MD
LG