Бүгін Украина соты 8 жыл бұрын өлтірілген журналист Георгий Гонгадзенің өліміне байланысты үш полиция офицерін соттады. Оның біреуі 13 жылға, қалған екеуі 12 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Журналистік зерттеу жүргізуші болған Гонгадзенің мәйіті 2000 жылдың қарашасында Киев маңындағы орман ішінен басы кесілген күйі табылған болатын. Біраз жылғы тергеулерден кейін де полиция журналисті өлтіруге тапсырысты кім бергенін анықтай алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы