НЬЮ-ЙОРК: Алдағы аптада БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун осы қызметіне кірісуінен бергі ең алғашқы сапарымен Мәскеуге барады. Оның барысында Бас хатшы Ресейдің қазіргі президенті В.Путинмен, жаңа сайланған президенті Д.Медведевпен және сыртқы істер министрі С.Лавровпен кездесуге тиіс. Сонымен қатар Пан Ги Мун парламентарийлерге, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне жолығып, Мәскеу университетінде сөз сөйлейді. Бас хатшы осыған дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі болып табылатын елдердің астаналарында – Лондон, Вашингтон және Парижде болып, Мәскеу мен Бежинге әлі аяқ басқан емес.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы