КАБУЛ: Ауғанстанның солтүстігінде Германияның қайырымдылық ұйымының 2 қызметкері хабар-ошарсыз жоғалды. Олар жергілікті тұрғындар – дәрігер мен автокөлік жүргізуші көрінеді. Олардан өткен сейсенбіден бері хабар жоқ. Ауған полициясы оларды ұрлап алып кетуі де мүмкін деп санайды – Кабулдан Кундуз провинциясына баратын жолдың бойынша олардың бос қалған автокөлігі табылды. Немістердің “Киндерберг” ұйымы Ауғанстанның мүгедек-балаларына көмек көрсетумен айналысады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы