Accessibility links

Алматылық Ерлан есімді жігіт білім саласындағы жемқорлық пен парақорлық жайында


- Қазақстандағы ең бір күрделі мәселелердің бірі - білім сапасының, білім беру процесінің қаншалықты сапалы дәрежеде екендігі. Қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарын жайлаған жемқорлық, әсіресе соңғы тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай саралайтын болсақ, ғылым кандидаттары мен ғылым докторларын 7-8 есеге өсіруге әсер етіпті. Осы көрсеткіштің жартысынан көбі атақты дәрежені алу үшін белгілі бір комиссияның мүшесімен ымыраға келген. Яғни, ғылыми жұмыстарды сатып алған. Екіншіден, диплом сатып алу да кең тарап отыр. Қазір ашық түрде сатылатын дипломдар бар. Бес жыл бойы оқымай-ақ дипломның өзін сатып алуға болады. Бұл кейбір жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің бойында оқу оқымай-ақ, ақша беріп, керекті бағаны сатып алу, қажетті бағаны қойдырып алам деген қоғамдық сана қалыптастырды. Мұны жастар өз орталарында тіпті мақтанышпен айтатын дәрежеге жетті.

Қазіргі өтпелі кезеңде біз Кеңес одағының білім жүйесінен Еуропа елдерінің PhD жүйесіне біртіндіп өтіп жатырмыз. Бұл арада үлкен бір проблемалар туындауда, яғни ақпараттық технологияларды пайдалана алмау, материалдық жабдықтардың нашарлығы, мықты кадрлардың болмауы жалпы білім мен ғылымның болашағын қараңғылатып тұр. Ал ғылымның болашағы қараңғы деген сөз ол - мемлекеттің дамуы, оның экономика, техника. т.б. қай саласында болмасын, қиындыққа тап болу, тоқырау деген сөз, яғни ғылым дамымаса, қоғамның мемлекеттің бар саласының дамуы тежеледі.

Сондықтан парақорлық жайлап кеткен Қазақстанда білім мен ғылым саласының болашағы қараңғы болып тұрғанда жалпы мемлекеттің, елдің, ұлттың дамуына күмән үлкен болады. Мені осы мәселелер толғандырады. Сондықтан білім сапасын арттыруға, ғылымның шынайы дамуына көңіл бөліну керек деп ойлаймын.
XS
SM
MD
LG