БАНГКОК: Мьянманы билеп отырған әскери хунтаның табиғи апаттан жапа шеккен халқына халықаралық қайырымдылық көмегін жеткізіп беруге әлі де рұқсат бермегеніне халықаралық қауымдастық алаңдап отыр. Азық-түлік тиілген БҰҰ-ның ұшақтары Мьянмаға қарай ұшып шығуға дайын, бірақ әзірше бірнеше шетелдік құтқарушыға ғана виза беріліп отыр. Ресми дерекке сәйкес, Мьянмадағы табиғи апат құрбандарының саны 23 мыңға жетті, тағы 42 мыңдай адам хабар жоғалды деп есептеліп отыр. Халықаралық ұйымдар құрбандардың саны күрт артуы мүмкін деп алаңдайды. 1 млн.-дай халық баспанадан айрылды. Елдің 5 мың шаршы шақырым жерін су басып қалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы