Халықаралық қауымдастық Мыянмар мемлекетінің басшылығына қайырылып, циклон апатынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге рұқсат сұрады. Донорлар Мыянмар еліне қаржылай көмек көрсетуге де уағдаласты. Янгон қаласында өткен жиында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун сөйлеп, көмек көрсету жұмыстарына алты апта уақыт қажет деді. 2 мамыр күні болған циклоннан Мыянмарда екі жарым миллион адам аман қалды, олар көмекке мұқтаж. Мыянмар бас министрі Тейн Сейн шетел көмегін өз ретімізге сай қабылдаймыз деді. Көмек қабылдау шарттары әлі жарияланған жоқ.
Донорлар Мыянмар үкіметіне қайырылып, зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге рұқсат сұрады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы