Accessibility links

Батыста семіздерді емдеуге млрд.-таған доллар жұмсалса, өзге елдерде млн.-даған халық аштықтың зардабын тартуда


РИМ: Бүкіл әлемдегі азық-түліктің күрт қымбаттауы мәселесі бойынша бүгін Римде 3 күндік конференция басталды. Оның ашылуында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун азық-түлікке деген сұранысты қанағаттандыру үшін 2030-ыншы жылға қарай азық-түлікті 50 пайызға артық өндіру қажеттігін ескертіп, азық-түліктің бағасын түсіру үшін әлем елдерін астық экспортына шектеу қоймауға және салықты азайтуға шақырды. Ал Иран президенті М.Ахмадинеджад қайсыбір елдерді азық-түліктің бағасын қасақана көтеріп отыр деп айыптады. Бразилия президенті “мешел елдердің ауылшаруашылығын күйретіп, дамуына тежеу болған протекционизмді” төзуге болмайтынын айтып, биологиялық отынды қорғады. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық бойынша Бағдарламасының Бас директоры Жак Дьюф (Jacques Diouf) Батыста семіз адамдарды емдеуге миллиардтаған доллар босқа жұмсалса, әлемнің өзге елдерінде миллиондаған халықтың аш отырғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG