Accessibility links

АҚШ-тың бірінші ханымы Лаура Буш Ауғаныстанға келді


Бүгін АҚШ-тың бірінші ханымы Лаура Буш күтпеген жерден Ауғаныстанға келді. Хабарларға қарағанда, Буш ханым президент Хамид Қарзаймен кездеспек және АҚШ әскерилерімен жүздеседі. Ассошейтед пресс агенттігінің жазуынша, Лаура Буш Талибан режимі кезінде құлатылған Будданың екі ескерткіші болған Бамиян провинциясына да барады деп күтілуде. Бұл Буш ханымның Ауғаныстанға сапары маусымның 12-і күні Парижде өтетін Ауғаныстанға қалай қосымша қайырымдылық көмек көрсетуге болады деген халықаралық донор елдердің конференциясы алдында болып отыр.
XS
SM
MD
LG