КАБУЛ: Бүгін ауған үкіметі елде шетелдік содырлардың соғысып жүргенін дәлелдеу үшін “Пәкістан содырлары” деп 2 адамды телеарнадан көрсетті. Оңтүстіктегі Кандагар облысының әкімі телеарнадан көрсетілген аяқ-қолдары кісендеулі осы 2 ер кісіні “Талибан” қозғалысының “жанпидашыл-террористері” деп атап атады. Екеуінің бірі АҚШ бастаған және НАТО басқаратын күштерге қарсы соғысу үшін Ауғанстанға енді ғана келгенін мәлімдеді. Одан 1 апта бұрын ауған президенті Х.Қарзай Пәкістанды паналаған ислам содырларына паналаған жерінде соққы беру үшін өз армиясын жібере алатынын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы