«Айқын» газетінде «Үлескерлер ісіне елбасы араласты» деген мақалада, индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Қазақстанда үлестік негізде салынып жатқан 339 тұрғын үй нысанының барлығын, оларға 46 мыңдай салымшылар үлес салғанын айтыпты. Мақалада президент Н. Назарбаев бүгінгі таңда барлық нысандардың міндетті түрде шешілетіндігін және олардың құрылыстарының аяқталатынын айтқан.
Газеттің осы бетінде әлемдік азық-түлік және қаржы дағдарыстарының Қазақстан экономикасына әсер ету ықтималдылығы сияқты мәселелерге де басты назар аударылыпты. Мақалада ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, Қазақстанға азық-түлік дағдарысының төніп отырмағандығын айта келе, алдын ала болжамдар бойынша биыл 17-18 миллион тоннадан астам астық жиналып қалуы ықтимал деген пікірін білдірген.
Сондай-ақ «Айқын» газетінде «Казсаттың қаңғып кетуіне қай шенеунік кінәлі?» деген мақалада автор, екіжылдық туған күніне 10 күн қалғанда орбитадағы спутникпен байланыс жоғалғанына, 10 жылдық кепілдігі бар спутниктің 2 жыл жұмыс жасап, істен шығуына қай шенеунік жауап береді депті.
«Жас алаш» басылымындағы «Ғарышқа ұшқан 65 миллион» деген Шадияр Өстемірұлының мақаласында, жер серігінің жерден берілген бұйрықтарды орындай алмай, басқарудан қалғандығы, ғалымдар оны сақтап қалудың түрлі амалдарды қолданып жатқандығы жазылған. Автор, Қазақстанның ешқашан ғарыш саласын жүйелі түрде дамытпағанын, ғарышты зерттеумен айналысатын жалғыз мекеме - Аэроғарыштық комитеттің қолдан-қолға өтіп, түрлі министрліктердің босағасын сығалап күн көргенін баяндапты. «Казсаттың» осындай халге ұшырауын автор, ұлттық ғарыш агенттігінде ғарыштық ғылымдардан мүлде бейхабар адамдардың болуымен түсіндіреді. Сондай-ақ автор ғарыш қызметін дамыту туралы 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны «жалаң жарнамаға құрылған қымбат жоба» дейді. Мақала соңында «ғарыштық ел болу - Қазақстанның еншісіне бұйырмаған несібе» делінген.
«Түркістан» газетіндегі «Алаяқ компаниялар қашанғы алшаңдайды» деген Динара Мыңжасарқызының мақаласында, Алматы, Астана қалаларындағы кейбір құрылыс компаниялары үлескерлердің ақшасын қайтарып бере алмай 10 мың үлескердің обалына қалып отырғандығы жазылған. Мақалада, «үкіметтің Алматы қаласында жұмысы тоқтап қалған үйлерге 22,4 миллиард теңге қаржы бөлгендігі, ал жалпы тұрғын үй құрылысын аяқтауға 589 миллиард теңге қаражат қарастырылғаны» сөз болған. Сондай-ақ бастапқыда 14 құрылыс компаниясының қаржыландырылғаны, соның ішінде «Қуат», «Аксель Холдинг», «НИКО» секілді құрылыс компанияларының тізімде бар екендігі сөз болыпты. Автор жоғарыда бөлінген қаржының барлығы діттеген жеріне жетсе, онда 2 ай ішінде 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріліп, 2640 үлескер баспаналы болады деп жазыпты.
Газеттің осы санында жарияланған «Қазсаттың ақыры» деген мақалада, Қазақстанның алғашқы жер серігін жасау 2003 жылдан бастап қолға алынғандығы, осыдан кейін спутник жөнінде ресейлік компаниялармен келісімсөздердің жүргізіле бастағаны айтылған. Сондай-ақ тендер арқылы М.Хруничев атындағы ғылыми ғарыштық орталық 2006 жылы жер серігін аяқтағаны баяндалған. Мақалада Қазақстан шетелдік спутниктік операторлар қызметін пайдалануға жылына 20 миллион доллар жұмсайтынын болса, 65 миллион долларға спутник сатып алудың арзан екендігі де сөз болған.