АҚШ Конгресінің екі мүшесі, Калифорния штатынан сайланған республикандық Даррел Исса мен Луизиана штатынан сайланған Чарли Меланкон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Бейбітшілік Нобель сыйлығы номинациясына ұсыну жөнінде бастама көтеріп отыр. Олар 1990 жылдардың басында тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Кеңес одағынан қалған ядролық қару қорынан өз еркімен бас тартты дегенді алға тартып отыр. Осы тұрғыда Қазақстанның ол шешімін бағалау үшін Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынып отырмыз деп, бұл екі конгресмен маусым айының соңында әріптестеріне хат жолдаған. Десе де, қазақстандық саясаткерлер мен оппозиция өкілдері ондай бейбітшілік сыйлығына Қазақстандағы адам құқықтары жағдайының төмендігі кедіргі болатынын айтады.
Американдық екі конгресмен Қазақстан президенті Бейбітшілік Нобель сыйлығын алуға лайық деп санайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы