Accessibility links

АҚШ Қазақстаннан демократиялық реформалар күтеді


«Егер Қазақстан ЕҚЫҰ-ның принциптерін бұзатын болса, бұл елдің абырой-беделіне нұқсан тигізеді. Біздің барлығымыз Қазақстанның осы ұйымға қандай төраға болатынын бақылайтын боламыз», - деді АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі Джордж Крол, сәрсенбі күні Алматыда қазақстандық журналистердің сауалына берген жауабында.
Джордж Кролдың айтуынша, осы айдың басында Қазақстан президентімен кездесуде АҚШ конгрессмендері елде демократияға қарай қадам жасалғанын байқағандай әсер алыпты. Бұл орайда президент Назарбаевтың БАҚ, сайлау жүйесі және үкіметтің дінмен қарым-қатынасына қатысты реформалар жүргізу жөнінде АҚШ және ЕҚЫҰ-на мүше елдердің тарапынан қойылған талаптарды орындауға сендіргенін айта келе:
«Біздің ойымызша, бұл Қазақстан үшін ЕҚЫҰ мүшелері алдындағы емтихан болмақ, өйткені халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеу қажет болады», - деді Джордж Крол.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда «демократияның эволюциясы» процесі жүріп жатыр. Ол дегеніңіз сайлаушылар мен саяси қайраткерлер арасында үнемі және әр жерде қызу пікірталас болады деген сөз. Крол бұл мәселеде тәуелсіз БАҚ қатарының өсуі ерекше роль атқаратынын атай келе, қазақстандық журналистер «жағдайдың қалай өрбіп жатқанын жіті қадағалап, оның барысын бұқараға жайып салып отырады» деген үмітін білдірді.
XS
SM
MD
LG