Accessibility links

Т.Құлыбаев БҰҰ-ның жол жүру құжатына ие болды деп хабарланды


Қазақстан президентінің екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаев БҰҰ-ның жол жүру құжатына ие болды. Британияның “The Sunday Times” басылымының хабарлауынша, миллиардер Тимур Құлыбаевқа бұл құжатты алып беруге АҚШ лоббисті Стивен Пейн көмектескен көрінеді. Аталған құжатпен шекарадан, яғни бір елден екінші елге кедергісіз өту оңай болады. Британиялық басылымның жазуынша, алдымен Тимур Құлыбаев БҰҰ-ның экономикалық қауiпсiздiк жөнiндегi комиссиясына мүше етiп енгiзiлген. Ал бұл комиссияға мүше болған әрбiр адам әр үш жылда шамамен 2 миллион АҚШ доллары көлемінде мүшелiк жарна төлейді.
XS
SM
MD
LG